Menu HELPDESK

Бүгін Е. Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында екі маңызды оқиға - Мұғалімдер күні мен Музыка күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды


Бүгін Е. Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында екі маңызды оқиға - Мұғалімдер күні мен Музыка күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Консерватория ректоры Гаухар Тасбергенова баршаңызды мерекелермен құттықтап, консерватория қабырғасында көп жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан оқытушыларға алғыс хаттар табыстады. Ол олардың кәсібилігі, даналығы және үнемі жетілуге деген талпынысы көптеген ұрпақтағы студенттер мен әріптестерге үлгі екенін атап өтті.

Ерекше қуаныш Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан «Еңбек ардагері» атағының «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының профессоры Танатар Нұралыға берілуі болды. Профессор Қазақстанның үрмелі аспаптар мектебінің дамуына үлкен үлес қосып, көптеген шәкірт тәрбиеледі, олар қазір елдің ғана емес, шетелдегі ең үздік ұжымдарда өнер көрсетіп, отандық музыкалық өнерді әлемдік аренада танытып жүр.

Ұстаздарға арналған құрмет пен алғыс концерттік бағдарлама барысында да жалғасын тапты. Аншлагпен өткен мерекелік концертте көрнекті профессорларымыз бен оқытушыларымыз — Халық әртістері, Еңбек сіңірген қайраткерлері мен халықаралық конкурстардың лауреаттары өнер көрсетіп, тыңдарманның көңіліне керемет сезім сыйлап, көптің ықыласына бөленді. 

Баршаңызды осы керемет мерекелермен құттықтаймыз! Сіздерге шексіз сәттілік пен шабыт тілейміз!

   

   

   
   

Альбомдарға оралу