Menu HELPDESK

Бүгін Е. Рахмадиев атындағы Үлкен залында консерватория студенттеріне арналған есте қаларлық кездесу өтті


Бүгін Е. Рахмадиев атындағы Үлкен залында консерватория студенттеріне арналған есте қаларлық кездесу өтті!

Студенттермен  кездесуді ректор Гаухар Тасбергенова консерватория өміріне белсенді араласқаны үшін алғыс хаттармен марапаттаудан бастады. Біржарым айдың ішінде жастардың қыруар жұмыс атқарып үлгергеніне ерекше көңіл бөліп, оларға жылы лебізін білдірді.  Кездесу ары қарай белсенді диалог форматына көшті.

Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Наурыз Кулданов пен оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Гульнар Абдрахманмен бірге ректор студенттер тарапынан қойылған өзекті сұрақтарға тұшымды жауап берді. Оқу үдерісі, әлеуметтік бағдарламалар төңірегінде кеңінен әңгіме өрбіп,  консерваторияның алдағы жоспарлары талқыланды.

Осындай  басшылықпен кездесулер — әрбір студентке киелі ордамыздың  болашағына өз үлесін қосуға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Біз студенттерімізді мақтан тұтамыз және бірге жаңа шыңдарға жете алатынымызға сенімдіміз!

  

  

  

  

  

  

  





Альбомдарға оралу