Menu HELPDESK

Бүгін «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ректор Гаухар Тасбергеновамен кездесті

Бүгін «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ректор Гаухар Тасбергеновамен кездесті.

Жылы әрі конструктивті атмосферада өткен кездесуде гуманитарлық білімнің маңызы, мәдениет пен өнердің қоғамды дамытудағы рөлі, сондай-ақ екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы әңгіме өрбіді. Тараптар келешекте бірлескен жобалар, ғылыми конференциялар мен мәдени бастамаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Рахман Алшанов қос оқу орны арасындағы құрмет пен достықтың белгісі ретінде  консерватория кітапханасының қорына «Тұран» университеті дайындаған бірнеше басылымды сыйға тартты.

Қызметімізге көрсеткен құрметі мен қонақ болып келгені үшін алғысымыз шексіз!  Оқу орындарының өзара қолдау көрсетуі – еліміздегі академиялық және мәдени кеңістікті нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылатыны сөзсіз.



Альбомдарға оралу