Menu HELPDESK

«Бүгінгі музыкалық түркология: мәселелері мен перспективалары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр

Қазақ ұлттық консерваториясында «Түркі халықтарының музыкасы» Бірінші Халықаралық симпозиумның 30 жылдығына орай өтетін «Бүгінгі музыкалық түркология: мәселелері мен перспективалары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Конференцияны ұйымдастыру жұмыстарына мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор, 1987–1997 жылдары консерваторияның бұрынғы ректоры Дүйсен Қасейінов белсенді араласуда. Оның осы іс-шараның дайындық жұмыстарына араласуы - конференцияның ауқымды ғылыми пікірталас алаңы ретінде үлкен маңызға ие екенін көрсетеді.

5 наурыз күні, консерватория ректоры Г. Тасбергенова және Д. Касейінов  ұйымдастыру комитетінің мүшелерімен кездесті. Жиында конференцияның негізгі бағыттары, қатысушылар құрамы, ғылыми секциялар мен басқа да ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Түркі елдерінің музыкалық ғылым саласындағы ынтымақтастығына, дәстүрлі музыканы зерттеу және түркітанудағы жаңа тенденцияларға ерекше көңіл бөлінді.

Дайындық жұмыстары жалғасуда, жақын арада біз іс-шараның толық бағдарламасын жариялайтын боламыз!

 
 
Альбомдарға оралу