Бакудегі ICTMD халықаралық Симпозиумында Saryn презентациясы
2024 жылғы 19 қыркүйекте Бакуде (Әзірбайжан) ICTMD зерттеу топтарының қолдауымен өткен «Мұра жаңғырығы: Музыка және би мұрасы бойынша навигация» Симпозиумы аясында, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушылары Saryn халықаралық рецензияланатын журналын таныстырды.
Ғылыми-шығармашылық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Проректор Галия Бегембетова, халықаралық бөлім басшысы Дамир Уразымбетов, музыкатану және композиция кафедрасының доценті Валерия Недлина 12 елден келген Симпозиум қатысушыларына Saryn журналын таныстырып, оның әлемдік ғылыми қоғамдастық үшін маңызы туралы айтып берді. Saryn басылымдарының негізгі мақсаты ұлттық мәдениет контекстіндегі өнердің зерттеу және әдістемелік мәселелерін, дәстүрлердің мәдениетаралық өзара әрекеттесуін және олардың өзекті жағдайын көрсететін және талқылайтын мақалалар болып табылады.
Аудитория басылымның сапасын, редакциялық кеңестің мықты құрамын атап өтіп, журналдың одан әрі дамуына табыс тіледі. Журналдың редакциялық алқасы редакциялық кеңестің шетелдік мүшелері Анна Олдфилд пен Абдулла Акатпен журналдың даму перспективаларын бөлек талқылады.
Сайттағы авторларға арналған қосымша ақпарат пен нұсқаулықты келесі сілтеме арқылы танысуыңызға болады: sarynjournal.kz