Menu HELPDESK

БАС ЖҮЛДЕМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

БАС ЖҮЛДЕМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 

Консерваториямыздың студенті Алихан Бейсеков Ресейдің Тверь қаласында өткен С. Лемешев атындағы жас опера әншілерінің IV Халықаралық байқауында Бас жүлденің иегері атанды! 

Байқауға әртүрлі елдерден 150 вокалист қатысты. Бас жүлде — көрсеткен ерекше шеберлік пен сахналық харизма үшін берілетін ең жоғары марапат.
Алихан аға оқытушы Мұрат Чалабаевтың сыныбында білім алған. Бұл жеңіс — олардың кәсіби жолдағы еңбектерінің жемісі 

Ресейдің музыкалық байқаулар қауымдастығына кіретін байқау жылда дәстүрлі түрде Тверь облысы Губернаторының қолдауымен өткізіледі.

Біз студентімізбен мақтанамыз және оған әлемдік сахнада жаңа шығармашылық жеңістерге жетуді тілейміз!

 
Альбомдарға оралу