Menu HELPDESK

«БИБЛИОРОССИКА» ЭКЖ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК 2025

2025 жылғы 13 наурыз бен 13 сәуір аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «БиблиоРоссика» электронды-кітапхана жүйесіне (ЭКЖ) тестілік қолжетімділік алу мүмкіндігіне ие болды.
«БиблиоРоссика» – зерттеушілерге, оқытушылар мен студенттерге арналған заманауи электронды-кітапхана жүйесі. Бұл базаға Ресейдің жетекші ғылыми баспалары шығарған гуманитарлық, музыкалық, техникалық және жаратылыстану ғылымдары бойынша 22 000-нан астам ғылыми және оқу әдебиеттері жинақталған. ЭБЖ-нің негізгі міндеттерінің бірі – оқырмандарды өзекті ғылыми еңбектер мен оқу материалдарының жаңа басылымдарымен қамтамасыз ету.
Ресейлік басылымдар Academic Studies Press (Бостон, АҚШ) баспасының гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар бойынша ағылшын тіліндегі әдебиеттерімен толықтырылған.

Мәліметтер базасына қолжетімділік: http://www.bibliorossica.com 

Назар аударыңыз! «Bibliorossica» ЭКЖ-де электронды оқырман билетін ашу үшін ғылыми-ақпараттық кітапхана басқармасы және электронды ресурстар бөліміне (В корпусы, 3-қабат, 318-кабинет) хабарласуыңыз немесе төмендегі WhatsApp нөмірлеріне жазуыңыз қажет:
+7 777 206 20 71 (Фируза Исаханқызы)
+7 707 138 47 96 (Гүлжанат Несіпжанқызы)
+7 747 697 86 87 (Жаныл Қанатбайқызы)
Альбомдарға оралу