Menu HELPDESK

«Бір шаңырақ астында» атты іс-шара өтті



2023 жылдың 18 қазанында консерваторияның А.Жұбанов атындағы концерттік залында Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ешмұханов Мұхамбет Ашхатұлының ұйымдастыруымен «Бір шаңырақ астында» атты іс-шара өтті.

Шара шымылдығын проректор Мұхамбет Ашхатұлы ашып, өз сөзінде: «Қазақстан – татулықтың, достықтың, келісім мен бірліктің киелі бесігі. Тілі, діні бөлек болғанымен жүрегі туған жерім, Отаным деп соғатын жүзден астам ұлт өкілдері тұрып жатқан қасиетті шаңырақ. Келешекте қазақ елінің мерейін үстем етіп, әлем таңқалар талай жаңалық ашар жалынды жастар - өздеріңізсіздер. Сан ғасырлар ата-бабаларымыз арман болған егемендігіміздің тұғыры берік болса, қол жетпес биік, алынбас қамал жоқ екендігі белгілі. Әрдайым бір шаңырақ астында ынтымағымыз жарасып, бірлігіміз бекем болуы керек» деп атап өтті.

Шараға қатысушылар еліміздегі түрлі этностардың ән, билерін орындап, мәдениетін, дәстүр-ғұрыптарын көрсетті.









Альбомдарға оралу