«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» акциясы аясында онлайн форматта курарторлық сағат өтті.
2020 жылдың 29-қыркүйегінде «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» акциясы аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ұжымының ұйымдастыруымен онлайн форматта курарторлық сағат өтті. Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері: ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Дүйсенов М.М., «Адалдық алаңы» жобалық кеңсенің жетекшісі Қамзолдаев М.Б., «Sanaly urpaq» республикалық жобалық кеңсенің жетекшісі Тоқышев Қ.А., сонымен қатар Құрманғазы атындағы ҚҰК ректоры Жүдебаев А.Ә., консерватория проректорлары, декандары, кафедра меңгерушілері, кураторлар, «Саналы ұрпақ» студенттік клубының белсенді мүшелері және студенттер қатысты. Кураторлық сағатты модератор ретінде консерваториядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің жетекшісі, «Жалпы фортепиано» кафедрасының меңгерушісі Олексенко И.В. жүргізді. Министрлік өкілдері «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» акциясының міндеттерін жүзеге асыру жоспарымен бөлісіп, «Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес» атты айтыста студенттер мен оқытушылардың өнер көрсету мүмкіндіктерін қарастыру жөнінде ұсыныс жасады.
«Sanaly urpaq» республикалық жобалық кеңсенің жетекшісі Қайыржан Ахметбекұлы оқу орнының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-жоспарына бірқатар шараларды кірістіру керектігін айтып, «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» акциясы аясында «Таза сессия», «Адал бол», «Абыройлы ұстаз», «Плагиатқа жол жоқ» сынды жобаларды ұйымдастыруға, сондай-ақ Tik-Tok, Instagram, ВКонтакте әлеуметтік желілерінде видео-контент дайындап тарату арқылы «Адалдық – жастар көзімен» акциясын өткізуге ұсыныс тастады.
Шараға қатысқан консерваторияның оқу бөлім жетекшісі А.С. Сарымсақова білім ордасындағы кез-келген кеңестің құрамында студенттердің барын назарға алып, қабылдау емтихандарының қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен өтетіндігін, білім алушылар арасында сауалнамалар жүргізіліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін мониторинг жасалып отыратындығын айтты.