Menu HELPDESK

«БІЗ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ» АТТЫ КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ ӨТТІ



21 қыркүйек күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында 2022-2023 оқу жылындағы 1-курс студенттеріне арналған «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты кураторлық сағат өтті. 

Іс-шарада Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Мұхамбет Ашхатұлы Ешмұханов тақырыпқа қатысты түсініктеме жасады. Сондай-ақ, жиынға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бас әкімші Олжас Омарұлы қатысты. Ол студенттер арасында академиялық адалдықты әрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылықты арттыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кураторлық сағат барысында проректор Мұхамбет Ашхатұлы 1-курс студенттерін өнер-білім ордасының КДМ, G-FORCE, Қайырымдылық әуені, Дебют секілді белсенді клуб жетекшілерімен таныстырып, сол клубтардың мүшесі атанып, консерваториямыздың көркеюіне атсалысуға шақырды. Жиынға жиналған білім алушылар жемқорлық тақырыбына қатысты аса маңызды ақпараттармен қанығып, консерваториядағы белсенді клубтарға мүше болуға дайын екендіктерін айтты.





Альбомдарға оралу