Menu HELPDESK

«Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында кураторлық сағат өтті


20 қыркүйек күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты кураторлық сағат өтті.

Іс-шарада Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Мұхамбет Ашхатұлы Ешмұханов тақырыпқа қатысты түсініктеме жасады. Сондай-ақ, жиынға қатысқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бас әкімші Олжас Омарұлы студенттер арасында академиялық адалдықты әрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылықты арттыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-қуатын біріктіріп, амалдың барлық түрін қолдану арқылы осы дертке тосқауыл қойып, бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сонымен қатар, қазіргі таңда алаяқтықтың неше түрі белең алды. Неше түрлі ұйымдасқан топтар телефон, интернет, әлеуметтік желілер арқылы жалған ақпараттар таратып, азаматтарымызды сан соқтырып кетіп жатыр. Оған да жол бермеуіміз керек.

«Құрметті студенттер, жетістіктерге қол жеткізу үшін әрқашан адамгершілік қасиеттерді сақтап, өз еңбектеріңізге сүйеніп, мақсатқа адал, таза жолмен жетуге тырысыңыздар. Адамға өмір бір-ақ рет беріледі. Сол өмірді мәнді-мағыналы, бақты-бақытты ету үшін арлылықты, әділдікті, мейірім мен адамгершілікті ту етіп, қоғамға пайдалы іс жасап, адал қызмет етуіміз керек!» - деп, Олжас Омарұлы сөзін түйіндеді.






Альбомдарға оралу