«Бос орындар жәрмеңкесі» іс-шарасы ұйымдастырылды
6 мамыр 2024
2024 жылдың 6 мамырында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры М.А.Ешмұхановтың бастамасымен 2023-2024 оқу жылының түлектеріне арналған «Бос орындар жәрмеңкесі» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Басты мақсаты - келешек мамандардың кәсіби икемділігін арттырып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау.
Аталмыш шараға түлектерге жұмыс ұсыну мақсатымен еліміздің әр аймағындағы бірқатар оқу орындарының өкілдері арнайы келіп, қатысты. Жалпы, өнер-білім ордасында жәрмеңке тұрақты түрде өткізіліп отырады.
Іс-шара барысында жұмыс берушілер өз ұсыныстарын ортаға салып, болашақ түлектерімізді лайықты жұмысқа орналасуға шақырды. Аталған іс-шараға Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясы, «Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы», М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы, Тайжан Қалмағамбетов атындағы Ұлытау облысының филармониясы, Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы, Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі, Каныбек Байсеитов атындағы Талдықорған колледжі, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі, Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты секілді бірнеше мекемелердің басшылары мен өкілдері қатысты.
Шара соңында А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінен келген өкілдер Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған концерттік бағдарламасын көрермен назарына ұсынды.
Альбомдарға оралу

Қабылдау 2024