«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» атты іс-шара өткізілді
13 мамыр 2025
2025 жылғы 13 мамырда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» атты іс-шара өткізілді. Бұл жәрмеңке бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыруға және жас мамандардың кәсіби тұрғыда қалыптасуына елеулі үлес қосуға бағытталған маңызды шара болды. Іс-шара барысында жұмыс берушілер мен болашақ түлектер еркін форматта пікір алмасып, сұрақтар қойып, өзара байланыс орнатты. Түлектер өз болашақ жұмыс орнын анықтауға, ал жұмыс берушілер дарынды жас мамандарды іріктеуге мүмкіндік алды.
Жәрмеңкеге еліміздің бірнеше жетекші мәдени ұйымдарының басшылары мен өкілдері қатысты. Атап айтқанда:
1. «Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі» (Тараз қ.);
2. «Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қ. Байсейітов атындағы саз колледжі» (Талдықорған қ.);
3. «Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі» (Алматы қ.);
4. «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» (Алматы қ.);
5. «Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» (Алматы қ.).
Іс-шара соңында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының басшылығы жұмыс берушілерге белсенді қатысқандары үшін Алғыс хаттар табыстады.
«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» түлектер мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтып, жас өнер иелерінің кәсіби мансап жолындағы алғашқы қадамдарына нақты бағыт берген маңызды іс-шара ретінде өз мәресіне жетті.
Альбомдарға оралу

Қабылдау 2025