Menu HELPDESK

Дәстүрлі әнші, сазгер, музыка зерттеушісі Бағлан Бәбіжан философия докторы (PhD) дәрежесіне ие болды



2022 жылы 21 қараша күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «6D040400 – Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне ұсынылған Бәбiжан Бағлан Жолдасқызының «Жетісудың оңтүстік-батысындағы ән фольклорының қазіргі жағдайы» тақырыбында диссертация қорғауы өтті. Диссертация Құрманғазы атындағы ҚҰК «Халық әні» кафедрасында орындалған.


Бәбіжан Бағлан Жолдасқызы – әнші, халық музыкасын зерттеуші, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми-зерттеу фольклорлық зертханасының жетекшісі, «Халық әні» кафедрасының аға оқытушысы.

 

Ресми рецензенттер:

1. Абдуллаев Рустамбек Самигович – өнертану ғылымдарының докторы, Өзбекстан мемлекеттік консерваториясы «Өзбек музыка тарихы» кафедрасының профессоры (Ташкент, Өзбекстан).

2. Малдыбаева Раушан Сабыржанқызы – өнертану ғылымдарының кандидаты, «Қазақ ұлттық өнер университетінің» РММ «Музыкатану және композиция» кафедрасының профессоры (Астана, Қазақстан).


Ғылыми кеңесшілер:

1. Бердібай Айжан Рахманқұлқызы – философия докторы (PhD), Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті, «ҚР Мәдениет саласының үздігі» (Алматы, Казахстан).

2. Каромат Дилором Файзуллаевна – философия докторы (PhD), Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының өнертану институтының аға ғылыми қызметкері (Ташкент, Өзбекстан).

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының диссертациялық кеңесі Бағлан Жолдасқызы Бәбіжанға «6D040400 – Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін беру туралы шешім қабылдады.


Консерватория ұжымы Бағлан Жолдасқызын ғылыми атағымен құттықтап, шығармашылық табыстарыңыз көп, жұмыстарыңыз әрқашан жемісті болсын деген тілек білдіреді.


















Альбомдарға оралу