Menu HELPDESK

Дәулескер күйші, ғалым Базаралы Мүптекеевтің еңбектері жарық көрмек



Дәулескер күйші, қазақтың домбыра күйшілік дәстүрін ғылыми негізде әлемге әйгілеуші ғалым Базаралы Мүптекеевтің «Жетісудың оңтүстік-шығысындағы күйшілік дәстүр» атты монографиясының, «Күй шақыртқы» деп аталатын күйлер жинағы мен CD күйтабағының тұсаукесер салтанаты өтеді. Бас ұйымдастырушы: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Фольклорлық ғылыми-зерттеу лабораториясы.

Салтанатты шараға белгілі фольклорист-ғалымдар, өнертанушылар, қоғам және мемлекет қайраткерлері, республикалық ақпарат құралдарының өкілдері мен өнер адамдары арнайы қатысады.

Аталмыш шара 26 мамыр күні 14:00-де Қазақстан Ұлттық кітапханасының үлкен залында өтеді. Салтанатты жиын онлайн және офлайн түрде өткізілмек.

Онлайн қатысушылар үшін: https://us02web.zoom.us/j/86446381994?pwd=WHVDUnN1K1FQRUpvTCtJNFRVRW9EUT09

Идентификатор: 864 4638 1994

Код: 281960

Ұйымдастыру алқасы

Тел.: Бауыржан 8 701 413 02 20

E-mail: baukentay26@mail.ru

Максат 8-747-179-27-01

E-mail: mms_turan0186@mail.ru

Базаралы Жұмағұлұлы Мүптекеев – қазақ руханияты мен мәдениеті жолында аянбай тер төккен арыс азамат, көрнекті өнертанушы ғалым, шертпе күй шебері.

Жетісу күйшілік мектебін қайта жаңғыртқан, осы тақырып аясында диссертация қорғаған һәм хрестоматиялық күй жинақтарын жазған тұңғыш фольклортанушы ғалым. Ол саналы ғұмырында Жетісумен қатар Арқа, Қаратау, Алтай, Іле, Байөлке аймақтарының күйшілік мұрасын жинақтаумен айналысты, оларды жүйеледі, кәсіби мектеп түзіп, ғылыми айналымға енуіне ықпал етті.





Альбомдарға оралу