Menu HELPDESK

«ДАЛА ЖАУҺАРЛАРЫН ЖАҢҒЫРТҚАН – А.В. ЗАТАЕЕВИЧ» ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ВИРТУАЛДЫ КІТАП КӨРМЕСІ

Құрметті оқырмандар

Ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметі көрнекті зерттеуші, орыс және кеңестік музыкант-этнограф, композитор, Қазақ АКСР-нің Халық әртісі Затаевич Александр Викторовичтың (1869-1936 жж.) туғанына 155 жыл толуына орай дәстүрлі және виртуалды кітап көрмесіндайындады - «ДАЛА ЖАУҺАРЛАРЫН ЖАҢҒЫРТҚАН – А.В. ЗАТАЕЕВИЧ».

Александр Затаевичты «қазақ әнінің атасы» деп еркелетіп атаған, себебі ол қазақ әндері мен күйлерін алғашқы жинаушылардың бірі болған. Ол тек жинап қана қойған жоқ, бұл әуендер мен күйлерді нотаға айналдырып, фортепианолық музыкаға көшірді. Ол Қазақстанның музыкалық дәстүрін зерттеуге орасан зор үлес қосты. Бірде атақты Әміре Қашаубаев Парижге соның ұсынысымен барды.

ҒАКҚ сирек жинағында А.В. Затаевичтың «1000 қырғыз халқы (күйлер мен әуендер)» 1925 ж., «250 қырғыз аспаптық пьесалары мен күйлері» 1934 ж., «Фортепианолық пьеса» 1957 ж., «Қазақ халқының 1000 әні (ән мен күй) 1963 ж. бар.

Көрмеде жұмыстар, кітаптар, жинақтар, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, библиографиялық көрсеткіш және газеттердегі жарияланымдар ұсынылған.

Көрмеге қойылған құжаттармен «Б» корпусы, 3 қабат кітапхана фойесінде танысуға болады. Сондай-ақ, виртуалды көрме 2024 жылдың 19 наурызы мен 20 сәуірі аралығында мына сілтеме арқылы қолжетімді болады:   http://185.217.181.84:8087/JIrbis2/index.php?option=com_irbis&view=irbis&Itemid=385

 

Альбомдарға оралу