Menu HELPDESK

Депутаттық корпус Қазақ ұлттық консерваториясында болып қайтты


9 қаңтар күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы құрамына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ринат Зайытов, Ерлан Стамбеков, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Диана Ерлан және "AMANAT" партиясының Орталық аудандық филиалының төрағасы Найля Ордабаевалар кірген делегацияны қабылдады.

Кездесу барысында әңгіме музыкалық білім саласындағы өзекті мәселелер төңірегінде өрбіді. Әсіресе білім беру саласындағы заңнаманы шығармашылық жоғары оқу орындарының ерекшеліктерін ескере отырып жетілдіру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.

Консерваторияның ректоры Гаухар Тасбергенова оқу орнының жетістіктерді, алдында тұрған ағымдағы міндеттерді, әлеует пен сын-қатерлерді атап өтті. Кездесуге консерваторияның проректорлары, факультет декандары, кафедра меңгерушілері мен профессорлық-оқытушылық құрам қатысып, өздерін толғандырған сауалдарына тұшымды жауаптар алып, кейбір өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын айтты.

Кездесу шығармашылық жоғары оқу орындарының рөлін нығайту және мәдени білім беру саласын қолдау бойынша бірлескен шешімдер іздеуде маңызды қадам болды.

 

 
Альбомдарға оралу