Menu HELPDESK

Диана Ерболатқызы Корольдік музыка академиясының өнер магистрі дәрежесімен марапатталды


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Ішекті аспаптар» кафедрасының доценті, Ph. D. философия докторы Махмуд Диана Ерболатқызын Ұлыбританияның Лондон университетіндегі Корольдік музыка академиясының өнер магистрі дәрежесімен марапатталғаны үшін құттықтаймыз!

Диана Ерболатқызы 2022-2023 оқу жылында "Болашақ" стипендиялық бағдарламасы бойынша сонда оқыды және қазіргі уақытта орындаушылық өнер мамандығына байланысты QS университеттерінің рейтингінің әлемдегі топ-5 музыкалық мекемелердің қатарына кіретін Корольдік музыка академиясын бітірген алғашқы альтшы болып табылады.

Сізге зор денсаулық, үлкен шығармашылық табыс және одан әрі кәсіби өсуін тілейміз!!!


Альбомдарға оралу