Menu HELPDESK

«Дирижерлеу» мамандығы бойынша XVI Республикалық кіші олимпиадасы өтті



«Дирижерлеу» мамандығы бойынша XVI Республикалық кіші олимпиадасы өтті. 

Бірінші турдың тыңдалымы 15 сәуір күні сағат 10:15-те Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында бастау алды. Алғашқы кезеңде студенттер хормен жұмыс көрсетті. Сайыскерлердің оқылатын шығарманың интонациясы, ырғағы, дикциясы, сөз тіркесі, штрихтары, динамикасы мен сипаты бойынша дайындаған жұмыстарын қазылар алқасы өз деңгейінде бағалады. Көптеген студенттер тапсырмалардың нақты тұжырымдалғанын, дирижердің ым-ишарасының дәлдігі мен анықтығын, сауатты пікірлерін және орындау кезінде орын алған қателерді түзету жолдарын көрсете білді. Хормен жұмыс жасағаннан кейін олимпиадаға қатысушылардың барлығы жазбаша түрде сынақтан өтті.

 

Қазылар алқасының шешімімен 12 оқушы 2-ші турға өтті. Дәл осы күні сағат 14:00-де студенттік Кіші олимпиаданың 1-туры өтті. Олимпиадаға жалпы саны 58 оқушы қатысты. Қазылар алқасының шешімімен барлық қатысушылар 2-ші турға жолдама алды. Сондай-ақ, студенттік олимпиада аясында Үлкен концерт залында дирижерлық кафедрасының доценті Берекешев Ғалымжан Кәрібжанұлының жетекшілігімен «Қазына» вокалдық ансамблінің концерті өтті. Вокалдық ансамбль бағдарламасында Г.К.Берекешевтің аранжировкалары, сонымен қатар қазіргі композиторлардың шығармалары орындалды.

 

16 сәуір күні сағат 9:00-де студенттік Кіші олимпиаданың 2-туры өз жұмысын жалғастырды. Республикалық олимпиаданың тапсырмаларын орындау нәтижелерін талқылай келе, конкурстық комиссия төмендегі марапаттарды ұсыну туралы шешім қабылдады:

1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің I дәрежелі дипломдары (3 курс студенттері арасында) – 1 қатысушы;

2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің II дәрежелі дипломдары (3 курс студенттері арасында) – 2 қатысушы;

3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің III дәрежелі дипломдары (3 курс студенттері арасында) – 3 қатысушы;

4. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің I дәрежелі дипломдары (4 курс студенттері арасында) – 1 қатысушы;

5. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің II дәрежелі дипломдары (4 курс арасында) – 2 қатысушы;

6. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің III дәрежелі дипломдары (4 курс арасында) – 3 қатысушы;

7. Әртүрлі номинациялар бойынша Министрліктің Құрмет грамоталары – 46 қатысушы;

8. Профессор Б.Жаманбаевтың арнайы дипломы – 6 қатысушы.



Альбомдарға оралу