Menu HELPDESK

«Домбыра дастан» концерті өтті


Құрманғазы атындаты Қазақ ұлттық консерваториясының мерейтойлық марафоны аясында А. Жұбанов атындағы Кіші залда «Домбыра» кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің «Домбыра дастан» концерті өтті.

Кеш бағдарламасы жарқын шығармаларға толы болды: халық композиторларының күйлері мен қазіргі қазақстандық авторлардың туындылары орындалды. Концерт қазақтың дәстүрлі музыкасын сүйетіндер үшін нағыз мереке болып, оқытушылардың шеберлігі мен студенттердің талантының жоғары деңгейін көрсетті.

Бүгінгі кеште бізбен бірге болып, домбыраның ғажайып үніне бөленгендерге алғыс айтамыз!

 

  
Альбомдарға оралу