Menu HELPDESK

Домбыра додасының дүбірі



2022 жылғы наурыздың 30-31 күндері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында екі күнге созылған 6В02116 – «Дәстүрлі музыка өнері» білім беру бағдарламасының «Домбыра» аталымы бойынша ХIV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өтті.

«Гуманитарлық ғылым және Өнер» бағытында 11 білім беру бағдарламасы (15 аталым) бойынша 2022 жылы ҚР БжҒМ XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасын офлайн форматта наурыз айының 28-і мен 5-ші мамыр күндері аралығында өткізілетіні хабарлаған болатын. Өнер сайысы мынадай білім беру бағдарламалары: Аспаптық орындаушылық, Дәстүрлі музыкалық өнер, Арт-менеджмент, Аспаптық орындаушылық, Вокалдық өнер, Аспаптық орындаушылық, Музыкалық білім беру, Дәстүрлі музыкалық өнер, Дәстүрлі музыкалық өнер, Композиция, Дирижерлеу бойынша ұйымдастырылып отыр.

Осы білім бағдарламаларының ішінде «Домбыра» аталымы бойынша өткізілген сайыс өз мәресіне жетті. Еліміздің бірнеше өнер-білім ордасынан, атап айтсақ, Құрманғазы атындағы ҚҰК (6), Т.Қ. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы (1), Қазақ Ұлттық Өнер университеті (3), Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (1), М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті (1), жиналған өнерпаздардың өнерлерін 2022 жылғы наурыздың 28-күнгі консерватория ректорының №29-п бұйрығымен бекітілген, 5 адамнан тұратын байқау комиссиясы сараптан өткізді. Өнер сайысына бес бірдей шығармашылық мекемеден келген 14 студент қатысты.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегендей, бәйгеден озып келген өнер тұлпарларын марапаттау рәсіміне арналған салтанатты жиынды Халық музыкасы факультетінің деканы Ержан Ерболатұлы Жәмеңкеев өзінің құттықтау сөзімен ашты.

Республикалық олимпиада тапсырмаларының нәтижелерін сараптай келе, байқау комиссиясы мынадай марапаттауларды тағайындауды жөн тапты:

1) I дәрежелі дипломмен – 1 студент;

2) II дәрежелі дипломмен – 2 студент;

3) III дәрежелі дипломмен – 3 студент.

Енді осы тағайындауларға сәйкес, Олимпиаданың қорытындысы бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізген және Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің дипломымен марапаттауға ұсынылған студенттердің тізімін келтіре кетелік:                                                   

1-орын: Нұрай Асқарқызы Зинор (3 курс)

Алматы қаласы, Құрманғазы атындағы ҚҰК;

2-орын: Айымгүл Саматқызы Саматова (3 курс)

Алматы қаласы, Құрманғазы атындағы ҚҰК;

2-орын: Аида Түктібайқызы Ахметова (3 курс)

Астана қаласы, Қазақ Ұлттық Өнер Университеті;

3-орын: Елдар Ермекұлы Дәулеткелді (3 курс)

Алматы қаласы, Құрманғазы атындағы ҚҰК;

3-орын: Дастан Жанатұлы Тоқтаров (2 курс)

Т.Қ. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы;

3-орын: Тұрлыхан Махамбетұлы Әбуханов (1 курс)

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті.

Құрманғазы атындағы ҚҰК атынан 3 дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

3-орын: Нұрдәулет Еркінұлы Қуандықов (4 курс)

Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті;

3-орын: Серік Нұрланұлы Жұмағалиев (3 курс)

Алматы қаласы, Құрманғазы атындағы ҚҰК.

Құрманғазы атындағы ҚҰК атынан арнайы дипломмен марапатталғандар:

Диплом: Аяна Нұрланқызы Сатаева (1 курс)

Астана қаласы, Қазақ Ұлттық Өнер Университеті;

Диплом: Бауыржан Ержанұлы Сәдібеков (3 курс)

Алматы қаласы, Құрманғазы атындағы ҚҰК;

Диплом: Рустам Маратұлы Сейілханов (3 курс)

Т.Қ. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы;

Диплом: Арна Нұрбекұлы Бәтиханов (2 курс)

Алматы қаласы, Құрманғазы атындағы ҚҰК.


Алғыс хат: Кенжебек Мұратбекұлы Пірмахан (2 курс)

Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті;

Алғыс хат: Абай Оралбекұлы (4 курс)

Астана қаласы, Қазақ Ұлттық Өнер Университеті.

Бойдағы талантын танытып, халқын домбыра үнімен сусындатуды көздеген өнерлі жастардың бәсекесіне төрелік еткен қазылар алқасына ҚР Мәдениет қайраткері, Құрманғазы атындағы ҚҰК ХМФ, «Домбыра» кафедрасының меңгерушісі Т. Тоқжанов төрағалық жасады.

















Альбомдарға оралу