Menu HELPDESK

«Домбыра» мамандығының 1 курс білім алушыларына профессор Т.Тоқжановтың «Орындаушылық өнер тарихы» атты шеберлік сыныбы өтті.

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ф.Шопен атындғы кіші камералық залында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасаның аясында «Домбыра» мамандығының 1 курс білім алушыларына профессор Т.Тоқжановтың «Орындаушылық өнер тарихы» атты шеберлік сыныбы өтті.
Қазақтың күйшілік дәстүрі ірі жеті аймақтық мектептерге бөлінсе, композиторлық мектептері тағы бар. XX ғасырдың екінші жартысынан бері қарай елімізде кәсіби музыканың дамуына байланысты домбырада заманауи бағыттағы орындаушылық үлгісі де қалыптасты.
Бұл жолғы шеберлік сыныбында Жетісу күйшілік дәстүрінің өкілі, Байғозы, Ердене, Мергенбайлардан жалғасып келе жатқан күйшілер әулиетінің бүгінгі ұрпағы, дәулескер күйші Сауқынбек Шаханұлы арнайы қонақта болып, студенттеріміздің сұрақтарына жауап беріп, бабадан балаға мұра болып келе жатқан күй өнері туралы салиқалы ойларымен бөлісті. Сондай-ақ қонағымыз бірнеше күйді шығу тарихын айта отырып орындап, консерватория студенттерінің ыстық ықыласына бөленді. Репертуарында Бөлтірік, Бестібай, Қожақан, Тілеміс, Тәттімбет, Құрманғазы т.б. композиторлардың шығармалары бар күйшінің Кертолғау, Шабыт, Мұқағалиға арнау, Менің атам-Қожбанбет, Батыр баба-Бауыржан сынды т.б. авторлық күйлері бар.




Альбомдарға оралу