«ДОМБЫРА» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША ХVІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІШІ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
2025 жылдың 1 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Халық музыкасы факультеті, «Домбыра» кафедрасының ұйымдастырылуымен музыкалық колледждер мен мамандандырылған мектептердің білім алушылары арасындағы «Домбыра»» номинациясы бойынша ХVІІ Республикалық кіші олимпиада өз мәресіне жетті. Қазылар алқасының құрамы консерватория ректорының 2025 жылғы «03» наурыздағы №46-П бұйрығымен бекітілді.
Қазылар алқасының төрайымы:
Сахарбаева Карима Сүндетқызы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Домбыра» кафедрасының профессоры
Қазылар алқасының мүшелері:
Тоқжанов Төлепберген Төрахметұлы –«Құрмет» орденінің иегері, «Домбыра» кафедрасының профессоры
Құдайбергенова Салтанат Аскенқызы – ҚР мәдениет саласының үздігі, «Домбыра» кафедрасының доценті
Жұмағалиева Алтынай Мұхамбетқызы – ҚР мәдениет саласының үздігі, «Домбыра» кафедрасының меңгерушісі, доцент
ХVІІ Республикалық кіші олимпиадаға Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Орал, Қызылорда, Шымкент, Тараз, Талдықорған, Семей, Павлодар, Петропавл, Көкшетау, Астана және Алматы қалаларының оқу орындарының білім алугылары өз өнерлерін көрсетті. Қатысушылардың жалпы саны 30.
ХVІІ Республикалық кіші олимпиада қорытындысы бойынша келесі қатысушылар марапаттарға тағайындалды:
«Домбыра» номинациясы:
І-орын
Жолдыбай Арсен, Д.Нұрпейісова атындағы ХМА Атырау музыкасы колледжі, Атырау қаласы, оқытушысы – Садықов Сәлімгерей
ІІ-орын
Әміржан Расул, П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі, Алматы қаласы, оқытушысы – Ракишева Қалдыгүл
Октябрь Аманат, Д.Нұрпейісова атындағы ХМА Атырау музыкасы колледжі, Атырау қаласы, оқытушысы – Алибеков Серик
ІІІ-орын
Мейрханов Ғабиден, Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған ММИК, Павлодар қаласы, оқытушысы – Байбусунова Толқын
Балтабеков Алмат, Қ.Байсейітов атындағы саз колледжі, Талдықорған қаласы, оқытушысы – Оразаев Талғат
Даулет Алишер, П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі, Алматы қаласы, оқытушысы – Жунусов Айдын
«Нұрғиса Тілендиев» атындағы арнайы диплом
Тустукпаева Айгерім, Қ.Байсейітов атындағы саз колледжі, Талдықорған қаласы, оқытушысы – Нұрсейтова Ғайниса
«Мәмен Ерғалиұлы» атындағы арнайы диплом
Канаева Балжан, Шымкент саз колледжі, Шымкент қаласы, оқытушысы – Кулумбетов Жандос
«Біләл Ысқақов» атындағы арнайы диплом
Мырзағали Аман, К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РОМММИ, Алматы қаласы, оқытушысы – Ысқақов Біләл
Диплом «Қосбасар» жанрын үздік орындағаны үшін
Унгарбекқызы Шолпан, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі, Қызылорда қаласы, оқытушысы – Жарасов Науан
Диплом «Ақжелең» жанрын үздік орындағаны үшін
Нұрбек Бекзат, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі, Ақтөбе қаласы, оқытушысы – Ажигалиева Узипа
Диплом «Байжұма» жанрын үздік орындағаны үшін
Салтамбеков Құрмет, П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі, Алматы қаласы, оқытушысы – Рузденова Айгуль