«Еңбекті қорғау, жеке және өрт қауіпсіздігі техникасы бойынша кіріспе нұсқаулық» тақырыбында кураторлық сағат өтті
2024 жылғы 9 қазан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Еңбекті қорғау, жеке және өрт қауіпсіздігі техникасы бойынша кіріспе нұсқаулық» тақырыбында кураторлық сағат өтті.
Студенттермен және түлектермен жұмыс жүргізу бөлімі ұйымдастырған іс- шараның мақсаты - білім алушылардың қауіпсіздік мәселелері мен еңбекті қорғау нормаларын сақтау туралы білімдерін арттыру.
Кураторлық сағат лекторлары өрт және сыбайлас жемқорлық қауіпсіздігі бойынша бас маман Ашимов Талғат Абдулталипұлы мен еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі инженері Алькенова Айман Баукеновна сөз алып, студенттерге төтенше жағдайларда жылдам әрекет ете білу ережелерімен таныстырып, білім беру мекемелеріндегі өрт қауіпсіздігі мен терроризмнен қорғау шаралары туралы ақпарат берді.
Іс-шарада консерватория аумағында және одан тыс жерлерде барлық нұсқаулардың сақталуының маңызына ерекше тоқталды. Лекторлар өрт болған жағдайда әрекет ету алгоритмдерін, эвакуация ережелерін, өрт сөндіру құралдарын қолдану әдістерін және қауіпті жағдайларда жеке қорғаныс құралдарын қолдануды егжей-тегжейлі түсіндірді.
Сонымен қатар, кездейсоқ жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу үшін еңбек тәртібін сақтау және жұмысқа қажетті құралдарды дұрыс пайдалану маңызды екендігі тілге тиек етілді. Еңбекті қорғау білім беру мен кәсіби қызметте қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етудің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылды.
Кездесу студенттерге жеке және ұжымдық қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды үйретіп, оқу барысында қауіпті жағдайлардың алдын алуға қажетті білім мен дағдыларын нығайтуға ықпал етті.