«ЕЛДІҢ ЕРКІНДІГІ – РЕСПУБЛИКА КҮНІ» атты дәстүрлі кітап көрмесін ұйымдастырды
Құрметті оқырмандар!
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық Консерваториясының Ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметі 25 қазан – Республика күніне орай Е. Рахмадиев атындағы үлкен концерт залының фойесінде «ЕЛДІҢ ЕРКІНДІГІ – РЕСПУБЛИКА КҮНІ» атты дәстүрлі кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттау, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік, патриотизм мен Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсету.
Көрме кітапхана қорынан мемлекет және құқық тарихы, Қазақстанның құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы туралы әдебиеттер, сондай-ақ еліміздің егемендік тарихындағы айтулы сәттерді баяндап, өткен тарихымыздың жарқын жақтарын көрсететін мемлекеттің құрылу кезеңдеріне сәйкес материалдар ұсынылған.
Виртуалды көрмемен мына сілтеме арқылы танысуға болады:
http://185.217.181.84:8087/JIrbis2/index.php?option=com_irbis&view=irbis&Itemid=385