ЭЛЕКТРОНДЫК КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ «БИБЛИОРОССИКА» СІЗДІ АВТОРЛЫҚ ВЕБИНАРҒА ШАҚЫРАДЫ
2025 жылғы 13 наурыздан 13 сәуірге дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «БиблиоРоссика» Электрондық кітапхана жүйесіне тегін тестілік қолжетімділік алды! Осы мүмкіндік аясында консерватория пайдаланушылары үшін эксклюзивті вебинар өтеді.
Күні мен уақыты: 2025 жылғы 14 наурыз, сағат 12:00 (Алматы уақытымен)
Вебинар тақырыбы: «Құрманғазы консерваториясында «БиблиоРоссика» ЭКЖ-мен жұмыс істеу мүмкіндіктері»
Тіркелу сілтемесі:
https://us02web.zoom.us/j/81742361474?pwd=a2lk2zoTNbeY782hcmTNNJnc7PGEgu.1
Вебинар барысында сіз:
- «БиблиоРоссика» ЭКЖ заманауи каталогымен жұмыс істеуді және қажетті материалдарды табуды үйренесіз.
- Іздеу нәтижелерін Excel-ге экспорттау әдістерін білесіз.
- «Табылғаннан іздеу» опциясын қалай пайдалану керектігін түсінесіз.
- PDF форматындағы электронды кітаптардың қолжетімділігі мен олардың параметрлерін баптауды үйренесіз.
- Электронды ресурстарды консерваторияның оқу курстарына қалай интеграциялауға болатынын білесіз.
- Музыкалық білімге арналған арнайы тақырыптық және базалық коллекциялармен танысасыз.
Формат: онлайн
Платформа: Zoom
Ұзақтығы: 1 сағат
Вебинар тілі: орыс тілі
Сертификат: берілмейді
Мәліметтер базасына қолжетімділік: http://www.bibliorossica.com
Назар аударыңыз! «БиблиоРоссика» ЭКЖ-де электрондық оқырман билетін ашу үшін ғылыми-ақпараттық кітапхана және электрондық ресурстарды басқару бөліміне жүгінуге болады (корпус «Б», 3-қабат, 318-каб.) немесе төмендегі WhatsApp нөмірлеріне жазуға болады:
+7 777 206 20 71 (Фируза Исаханқызы)
+7 707 138 47 96 (Гүлжанат Нәсіпжанқызы)
+7 747 697 86 87 (Жаныл Қанатбайқызы)