Menu HELPDESK

«Эпидемиологиялық ахуал» тақырыбында кураторлық сағат өтті



2023 жылдың 6 желтоқсанында консерваторияның А.Жұбанов атындағы Кіші концерт залында «Студенттермен және түлектермен жұмыс жасау» бөлімінің басшысы Ысқақов Жалғас Жанысұлының ұйымдасытруымен «Эпидемиологиялық ахуал» тақырыбында кураторлық сағат өтті.

Іс-шараға Бостандық аудандық Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы эпидемиологиялық бөлімінің бас мамандары Тоғжан Тұрлықожа мен Динара Узбекова арнайы қатысып, бүгінгі таңда елімізде өзекті мәселеге айналып отырған қызылша ауруының алдын алу мен одан сақтану шаралары, сондай-ақ жағдайды тұрақтандыру жұмыстарын күшейту және жандандыру жөнінде толық мәлімет берді.

Басқосу барысында мамандар қызылша ауруының эпидемиологиялық ахуалы, атқарылуға тиісті іс-шаралар мен вакцинацияның тиімділігіне жіті тоқталды.

«Тәні саудың-жаны сау» дегендей, әрбір азаматтың денсаулығына немқұрайлы қарамауын ескертеміз.







Альбомдарға оралу