Menu HELPDESK

Erasmus+: студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіншіліктер


2024 жылы 20 қарашада Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында халықаралық бөлім ұйымдастырған Қазақстандағы Erasmus+ Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Палуанованың инфо-сессиясы өтті.

Іс-шара бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейіндегі түрлі білім беру бағдарламаларының студенттерін, сондай-ақ консерваторияның профессорлық-оқытушылық құрамын жинады. Сессия барысында қатысушылар Erasmus+ бағдарламасы ашатын кең мүмкіндіктер туралы білді, оның ішінде төрт бағыт: халықаралық кредиттік академиялық ұтқырлық, жоғары білім беру әлеуетін арттыру, Erasmus Mundus және Жан Моне.

Инфо-сессия көрермендердің қызығушылығын тудырып, бағдарламаға қатысу тәсілдерін талқылау және алғашқы ақпарат алу үшін маңызды платформа болды. Іс-шара барысында зал толық жиналып, халықаралық байланыстарды дамыту және Консерватория студенттері мен оқытушыларының білім беру және мәдени мүмкіншіліктерін кеңейту жолындағы маңызды қадам болды.

  

  

 

 
Альбомдарға оралу