Menu HELPDESK

Есірткіге жол жоқ!



Консерватория студенттерінен құралған «Qamqor» еріктілер клубының мүшелері есірткілік заттардың таралу көрсеткіштерінің артып кетуіне байланысты қолға алынған «Narkostop» жобасы өкілдерімен бірлесе отырып, қоғамдық шара өткізді.


Шараның мақсаты есірткі заттарының жарнамалық постерлерін, сондай-ақ таратушылардың сайттарына сілтемелерді көрсететін жазбаларды бояп тастау еді.


Еріктілер бір-ақ сағаттың ішінде 100-ден астам жарнамалық хабарландыруларды бояп үлгерді. Қаламыздың масштабымен салыстырғанда бұл – елеусіз көрсеткіш. Бірақ соған қарамастан еріктілер қала тұрғындары мен мемлекетіміздің азаматтарының денсаулығы мен жарқын келешегі үшін өз туған қалаларын әртүрлі індеттерден сақтандыру, көркейту жолында қарыштай адымдауға дайын.  


«Narkostop» жобасына әуел баста тіркелген 40 адамнан тұратын еріктілер тобының саны бір жылға жетер-жетпес уақыттың ішінде 30 есеге артып, бүгінде 1200 адамды құрап отыр. Жастардың адамның тәнін ғана емес, санасын да улап, азғындатып жіберетін тажалмен күресіне кеңінен қолдау жасап, жиіркенішті қылмыс түріне тосқауыл қоюдың әдіс-тәсілдерін түрлендіре түскен жөн.





Альбомдарға оралу