«Флейта», «Скрипка» және «Фортепиано» БББ оқытушыларына арналған Erasmus +
Erasmus+ бағдарламасы шеңберінде 2023-2024 оқу жылында Виго жоғары музыка консерваториясында (Виго қ., Испания) тағылымдамадан өту үшін конкурс жарияланады. Тағылымдама кезінде жоғары оқу орнының оқытушылары мен студенттері үшін семинарлар және/немесе дәрістер, шеберлік сыныптары мен концерт өткізу жоспарлануда.
Сапар күндері: 15-19 сәуір 2024 жыл
Гранттар саны: «Флейта» БББ үшін бір орын, «Скрипка» БББ үшін бір орын және «Фортепиано» үшін бір орын
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін кандидаттар мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1) Жауапкершілік және коммуникабельділік;
2) Ағылшын тілін білудің жақсы деңгейі: ауызша/жазбаша сөйлеуді түсіну, дәрістер, семинарлар және шеберлік сыныптары өткізу. Дәрістер мен шеберлік сыныптарын өткізу кезінде ағылшын тілінен/тіліне аудару ұсынылмайды.
Басымдық бұған дейін алмасу бағдарламаларына (Erasmus + және «Еуразиялық қоғамдастық» норвегиялық жобасы шеңберінде) қатыспаған кандидаттарға беріледі.
Жатын орын, жол-көлік және тәуліктік шығындар Erasmus+ бағдарламасы шеңберінде көзделген.
Iрiктеудi қабылдаушы тараптың тиiстi факультетi жүргiзетiн болады.
Ағылшын тіліндегі конкурсқа қатысу үшін:
1) Түйіндеме;
2) Туындылардың атаулары көрсетілген орындаудың аудио-бейне жазбалары (немесе сілтемелері);
3) Тағылымдама себептерінің қысқаша түсініктемесі (MS Word, A4);
4) Шығармаларды 10-15 минутқа жеке орындау бағдарламасы (MS Word, A4).
Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2024 жылғы 11 қаңтар
Өтінімдер Халықаралық бөлімде (004 кабинет) қабылданады.