Menu HELPDESK

«Фортепиано» мамандануы бойынша Республикалық кіші олимпиаданың жеңімпаздары жарияланды

2025 жылдың 27 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен залында «Аспаптық орындаушылық» мамандығының «Фортепиано» бағыты бойынша мамандандырылған мектептер мен музыкалық колледждердің оқушылары арасында XVII Республикалық кіші олимпиада өтті.

Комиссия құрамы:

Төрағасы: Гавриленко Ирина Анатольевна – Құрманғазы атындағы ҚҰК-нің «Арнайы фортепиано» кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы.

Комиссия мүшелері:

– Жигайлова Инна Александровна – Мәдениет саласының үздігі, П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің «Фортепиано» пәндік-циклдік комиссиясының төрайымы.
– Өзенбаева Гүлжан Еркінқызы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Арнайы фортепиано» кафедрасының профессоры.
– Курамбаева Гүлнара Төленгенқызы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Арнайы фортепиано» кафедрасының доценті.
– Дюсембаева Рабига Сыдыққызы – өнертану магистрі, «Арнайы фортепиано» кафедрасының аға оқытушысы.
Хатшы: Миллер Дарья Ивановна – өнертану ғылымдарының магистрі, «Арнайы фортепиано» кафедрасының оқытушысы.

2025 жылғы Республикалық XVII кіші олимпиадаға Қазақстан Республикасының мамандандырылған мектептері мен музыкалық колледждерінен Алматы, Атырау, Ақтөбе, Көкшетау, Астана, Маңғыстау, Қызылорда, Шымкент, Талдықорған, Қарағанды, Жамбыл, Өскемен және Петропавл қалаларынан 19 үміткер қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары балл жинап, марапатқа ие болған қатысушылар тізімі:

I дәрежелі диплом лауреаты:
– Дастан Елнар, К.Байсейітова атындағы Республикалық дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты, оқытушысы: Абдуллаева А.О.

II дәрежелі диплом лауреаттары:
– Есимжанова Махаббат, Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университеті жанындағы колледж, оқытушысы: Горлова А.П.
– Ахмет Бекарыс, Абай атындағы Жамбыл жоғары гуманитарлық колледжі, оқытушысы: Юнусова Е.Н.

III дәрежелі диплом лауреаттары:
– Тлеуова Аружан, 
«Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» атты Атырау музыкалық колледжі, оқытушысы: Шинбаева А.Т.
– Атыгаева Камила, А.Жұбанов атындағы Республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты, оқытушысы: Мухамеджанова Г.Б.
– Ультараков Досым, Е.Серкебаев атындағы дарынды балаларға арналған өнер колледжі мен мамандандырылған мектеп-интернатының кешені, оқытушысы: Куманова Ю.В.

Арнайы номинациялар бойынша диплом иегерлері:

«Қазақ композиторының шығармасын үздік орындағаны үшін» номинациясы:
– Сабит Ақнұр, Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі, оқытушысы: Плицын О.В.
– Нурланкызы Салтанат, К.Байсейітова атындағы Республикалық дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаты, оқытушысы: Каражигитова Ш.Н.

«Ірі форманы үздік орындағаны үшін» номинациясы:
– Керимкулова Шырын, А.Жұбанов атындағы Республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты, оқытушысы: Ниязбаева А.М.

«И.Брамстың шығармасын үздік орындағаны үшін» номинациясы:
– Жигулина Алёна, Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі, оқытушысы: Картечева Д.С.

«Ф.Шопеннің шығармаларын үздік орындағаны үшін» номинациясы:
– Тілектес Нұрия, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі, оқытушысы: Фаизова Д.К.

«XX ғасыр шығармасын үздік орындағаны үшін» номинациясы:
– Кашмулдина Нургуль, Е.Серкебаев атындағы дарынды балаларға арналған өнер колледжі мен мамандандырылған мектеп-интернатының кешені, оқытушысы: Вчерашняя Е.А.

«Жеңіске деген жігері үшін» номинациясы:
– Нашарбеков Кирилл, Ақан сері атындағы Жоғары мәдениет колледжі, оқытушысы: Бумбарь Т.Г.

Қатысқаны үшін диплом иегерлері:
– Урынбасар Медина, Маңғыстау өнер колледжі, оқытушысы: Мейманбаев К.Н.
– Рсдаулет Самал, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі, оқытушысы: Рысдаулетова А.Б.
– Архипкина Виктория, Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Музыкалық колледж, оқытушысы: Скибина О.С.
– Латыпов Наиль, К.Байсейітов атындағы Талдықорған музыкалық колледжі, оқытушысы: Ставицкая Е.Г.
– Нурметова София, Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Музыкалық колледж, оқытушысы: Тумакова Е.Г.
– Коваленко Алина, Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі, оқытушысы: Ешмуратова А.А.

 

 

Альбомдарға оралу