Menu HELPDESK

«Фортепиано» мамандануы бойынша Республикалық пәндік студенттік олимпиаданың жеңімпаздары жарияланды

2025 жылғы 26 наурызда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен залында «Аспаптық орындаушылық» мамандығы, «Фортепиано» бағыты бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.

Комиссия құрамы:

Төраға:

Сұлтанғалиева Эльмира Сәкенқызы – философия ғылымдарының кандидаты, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Музыкалық театр» кафедрасының профессоры.

Комиссия мүшелері:

Нұрланова Гюльнара Сәкенқызы – «Арнайы фортепиано» кафедрасының профессоры.

Массовер Светлана Александровна – «Арнайы фортепиано» кафедрасының профессоры.

Тлеубергенов Арман Алдабергенұлы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, PhD, «Арнайы фортепиано» кафедрасының доценті.

Акшпекова Лейла Әділқызы – өнертану магистрі, «Арнайы фортепиано» кафедрасының аға оқытушысы.

Хатшы:

Миллер Дарья Иванқызы – өнертану магистрі, «Арнайы фортепиано» кафедрасының оқытушысы.

2025 жылғы Республикалық студенттік пәндік олимпиада екі кезеңнен тұрды – тестілеу және бағдарлама бойынша тыңдалым. Олимпиадаға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 6 студенті қатысты.

Олимпиада нәтижелері бойынша жоғары балл жинап, марапатқа ұсынылған қатысушылар тізімі:

I дәрежелі диплом лауреаты:

Таңнұр Әдиба – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, аға оқытушы Несіпбаев А.Г. сыныбы.

II дәрежелі диплом лауреаттары:

Сұхамбаева Алуа – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, аға оқытушы Дюсембаева Р.С. сыныбы.

Байсбаева Камила – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, PhD, аға оқытушы Сепп М.Я. сыныбы.

III дәрежелі диплом лауреаттары:

Жұмажанова Азиза – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, доцент Айғалқаева Б.Б. сыныбы.

Темірбай Қарақат – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақстанның халық әртісі, профессор Қадырбекова Г.И. сыныбы.

Салы Айдана – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор Өзенбаева Г.Э. сыныбы.

 

 

Альбомдарға оралу