Фортепианоның рөлі жөнінде дөңгелек үстел өтті
12 сәуір 2022
Сәуірдің 11 күні Құрманғазы ат. ҚҰК-нің Шопен атындағы камералық залында «Музыкант-орындаушының қалыптасуындағы фортепианоның көркемдік-ағартушылық рөлі» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелді «Жалпы фортепиано» кафедрасының меңгерушісі, доцент Игорь Владимирович Олексенко ұйымдастырды. Әртүрлі мамандықта оқып жатқан 1-2 курс студенттері аталған тақырып бойынша тұсаукесер-баяндама дайындады.
Соңынан педагогтар мен студенттер «Міндетті фортепиано» пәніне және кәсіби мансап жолындағы аспап ретіндегі фортепианоның рөліне қатысты өздерінің қарым-қатынасын бүкпесіз айтқан пікірталас түрінде өткен жиын қызу болса да, достық рәуіште жалғасын тапты.
Қабылдау 2024