Menu HELPDESK

«Галатея» триосының бірлескен концерттік жобасы өтті


2024 жылғы 4 қазан күні Қазақ ұлттық консерваториясында Германия мен Қазақстан арасындағы мәдени ынтымақтастық аясында құрылған «Галатея» триосының бірлескен концерттік жобасы өтті.

Халықаралық байқаулардың лауреаттары Олжан Қостыбаев (фортепиано), Хенрик Бликслагер (скрипка) және Леонард Кюле (виолончель) тыңдаушыларды өздерінің виртуозды техникасы мен терең интерпретациясымен баурап алды.

2022 жылы құрылған трио Германия мен Нидерландының ең беделді концерттік алаңдарында ұмытылмас өнер көрсетуімен танымал болды. Кеште Сергей Рахманиновтың камералық музыка шедеврлері орындалып, көрермендерге ұмытылмас эмоциялар мен жарқын әсерлер сыйлаған жылы және жанды атмосфераны қалыптастырды.

  

Альбомдарға оралу