Гаухар Тасбергенова студенттер жатақханасын арнайы аралап, олардың тұрмысымен танысып қайтты
17 қыркүйек 2024
17 қыркүйек күні Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Гаухар Тасбергенова студенттер жатақханасын арнайы аралап, олардың тұрмысымен танысып қайтты.
Жатақхананың жаңа оқу жылына дайындығын тексергуге сондай-ақ тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Наурыз Құлданов пен ректор аппаратының жетекшісі Виталий Сиротин келді. Олар жатақхананың жатын бөлмелерін, ортақ және дайындықтар өтетін бөлмелерін көріп шығып, студенттермен тілдесті. Білім алушылардың жатақханада тұру жағдайларын жақсарту бойынша ұсыныстарын тындады.
Консерватория студенттердің өмір сүруге, оқуға және қабілеттері мен дарындарын шындау үшін барынша жағдай жасау жұмыстарын жалғастыруда.
Қабылдау 2024