«ГОЛОС СТЕПЕЙ, ПОКОРИВШИЙ ПАРИЖ» ВИРТУАЛДЫ КӨРМЕСІ
Құрметті оқырмандар!
Ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметі көрнекті қазақ теноры, актер, музыкант Әміре Қашаубаевтың туғанына 135 жыл толуына орай «ГОЛОС СТЕПЕЙ, ПОКОРИВШИЙ ПАРИЖ» атты виртуалды кітап көрмесін дайындады.
Әміре 1925 жылы Парижде өткен ЭКСПО 1925 көрмесі аясында өткен Дүниежүзілік музыка байқауында он бір концертке қатысып, «Ағаш аяқ», «Үш дос», «Қанапия», «Жалғыз арша», «Балқадиша», «Бесқарагер», «Дудар-ай», «Қос балапан», «Смет», «Қараторғай» әндерін орындап, лайықты түрде екінші орын мен күміс медаль алды. Әміре Қашаубаевтың орындауындағы 7 ән фонографқа жазылған.
Әміре Қашаубаев үлкен шығармашылық мұра қалдырып, қазақ ұлттық театрының бастауында тұрды. Ол қазақ халқының барлық әндерін толық меңгеріп, осы ән қазынасын бүгінгі ұрпаққа ұқыптылықпен жеткізді.
Виртуалды кітап көрмесінде атақты әншінің өмірінің қайталанбас қырларын көрсететін кітаптар, шығармалар және газет беттеріндегі жарияланымдар ұсынылған.
Әміре Қашаубаевтың шығармашылығымен танысу үшін ҒАКҚ-нің Электрондық кітапханасына кіріп, «Басты мәзірде» - «Виртуалды көрмеге» кіріңіз немесе мына сілтемеге өтіңіз: http://185.217.181.84:8087/JIrbis2/index.php?option=com_irbis&view=irbis&Itemid=385
Виртуалды кітап көрмесі 2024 жылдың 03 қаңтарына дейін қолжетімді болады.