Гонконг Баптист Университетінің өкілдерімен кездесу
1 қараша 2024
2024 жылғы 1 қарашада Қазақ ұлттық консерваториясының әкімшілігі Гонконг САР және Макао (ҚХР) Қазақстанның Бас консулдығының қолдауымен Гонконг Баптист университетінің Музыка академиясының өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді.
Консерваторияны оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Гүлнар Әбдірахман, ғылыми-шығармашылық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Галия Бегембетова, халықаралық бөлім басшысы Дамир Уразымбетов ұсынды. Университет тарапынан музыка Академиясының директоры Юджин Бирман, аға атқарушы директор Брайан Чан, халықаралық кеңсе директоры Ивонн Ли және халықаралық кеңсе директорының көмекшісі Лоррейн Хо қатысты. Қазақстанның Бас консулдығын вице-консул Ақнұр Жақсыбай ұсынды.
Кездесу барысында ынтымақтастық туралы Меморандум жасасуды қоса алғанда, ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды. Кәсіби байланыстарды нығайту және екі жақтың да академиялық әлеуетін дамыту үшін білім берудің әртүрлі деңгейлеріндегі студенттердің өзара академиялық ұтқырлығы туралы келіссөздер жүргізілді.
Қабылдау 2024