"И.В. КРУГЛЫХИН - КОНСЕРВАТОРИЯНЫҢ ТҰҢҒЫШ РЕКТОРЫ" атты виртуалды кітап көрмесі
Құрметті оқырмандар!
Ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметі жоғары оқу орнының тұңғыш ректоры Иван Васильевич Круглыхиннің 125 жылдығына орай "И.В. КРУГЛЫХИН - КОНСЕРВАТОРИЯНЫҢ ТҰҢҒЫШ РЕКТОРЫ" атты виртуалды кітап көрмесін дайындады.
Жоғары оқу орнының тұңғыш ректоры (1944 жылдың тамыз айында тағайындалған), тәжірибелі педагог әрі талантты ұйымдастырушы, республиканың музыкалық білім беру ісінің көрнекті қайраткерлерінің бірі. 1945 жылы ректорлық «эстафетасын» өзінің ізбасары А.Қ.Жұбановқа табыстаған И.В.
Круглыхин консерваторияны 1951-1957-жж. аралығында қайта басқарды. Сол жылдары консерваторияның іргесі қаланды. И.В.Круглыхиннің басты жетістігі республиканың музыкалық ЖОО-ның қоғамдық танылуы болды. Иван Васильевич 1955 жылы қазақтың музыкалық туындыларына негізделген сольфеджио бойынша оқу құралын шығарды.
Қазақстанның музыкалық білім беру ісін ұйымдастырып, дамытудағы еңбегі үшін И.В.Круглыхин медальдармен және «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.
Виртуалды кітап көрмесіне консерваторияның тұңғыш ректорының сольфеджио бойынша алғашқы оқу құралы сондай-ақ ғылыми еңбектері қойылды.
Аталмыш көрмемен танысу үшін Сіз ҒАКҚ-нің Электрондық кітапханасына кіріп, «Басты мәзірде» «Виртуалды көрмеге» кіріңіз немесе мына сілтемеге өтіңіз:
http://185.217.181.84:8087/JIrbis2/index.php?option=com_irbis&view=irbis&Itemid=385