III Халықаралық «KOGAN’S COMPETITION» аспапта орындаушылар мен композиторлар байқауы
29 қаңтар 2024
III Халықаралық «KOGAN’S COMPETITION»
аспапта орындаушылар мен композиторлар байқауының ережесі 2024 жылғы 31 наурыз-7 сәуір
Алматы қ., Қазақстан Республикасы
(онлайн формат)
Жобаның ұйымдастырушылары:
• «Art Forum of Kazakhstan» Халықаралық шығармашылық ұйымы
• Құрманғазы атынадағы Қазақ ұлттық консерваториясы
Жоба серіктестері:
• Алматы қаласы әкімдігі
• Қазақстан халқы ассамблеясы
• Қазақстан Композиторлар одағы
• ҚР Орталық мемлекеттік музейі
• «Art-Mirai» жеке қоры
• Ахмет және Ғазиза Жұбанованың мұрасын зерттеу мұражайы
• Австриялық BÖSENDORFER фортепиано және фортепиано фабрикасы
Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:
• заманауи өнердің үздік үлгілерін дамыту
• ұлттық мәдениетті жаңғырту, сақтау және көрсету
• қазақстандық композиторлардың шығармашылығын дамыту және насихаттау
• дарынды жастарды анықтау және қолдау
• орындаушылық шеберлік деңгейін жетілдіру
• балалар мен жастардың шығармашылық әлеуетін ынталандыру
Номинациялар:
• «Арнайы фортепиано»
• «Ішекті аспаптар» (скрипка, альт, виолончель, контрабас, арфа)
• «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» (ағаш, мыс үрмелі және ұрмалы аспаптар)
• «Ансамбль өнері» (2-ден 9-ға дейінгі қатысушылардан құрмалған кез келген аспаптық ансамбльдер , фортепианолық ансамбльдерден басқа)
• «Фортепианолық ансамбль» (2-ден 8-ге дейінгі қатысушылардан құралған ансамбльдер)
• «Концертмейстерлік шеберлік» (ішекті, үрмелі, ұрмалы аспаптар мен вокалистердің концертмейстерлері)
«Композиция»
Байқау ережесі
Қабылдау 2024