Menu HELPDESK

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіні маманымен кездесу өтті.



2025 жылғы 28 мамырда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің туризм жөніндегі маманы – Таубалды Болат Нұрланұлымен кездесу өтті.
Қонақ «Экологиялық тәрбие және қоршаған ортаға жауапты көзқарас» тақырыбында дәріс оқыды. Кездесу барысында ол студенттерге табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы кеңінен айтып, ұлттық парктер мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтаудың өзектілігін атап өтті. Сонымен қатар, қоршаған ортаға немқұрайлы қараудың мүмкін болатын теріс салдарын түсіндірді.
Таубалды Болат Нұрланұлы табиғи экожүйелердің бұзылуынан нақты мысалдар келтіріп, табиғатты сақтау – әр азаматтың міндеті екенін еске салды. Оның дәрісі студенттердің үлкен қызығушылығын тудырып, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызды қадам болды.
Айта кету керек, биыл Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері «Жасыл ел» республикалық бағдарламасына қатысып жатыр. Осы бастама аясында студенттер жазғы экологиялық жұмыстарға белсенді қатысып, көгалдандыру, табиғи аумақтарды тазалау және халықтың экологиялық сауаттылығын арттыруға өз үлестерін қосатын болады.
Экология – бұл жай ғана ғылым емес, бұл – өмір салты. Біздің консерваторияның студенттері болашаққа жауапкершілікпен қарап, қоршаған ортаны қорғау жолын таңдағанына біз зор мақтанышпен қараймыз!
Альбомдарға оралу