Ішекті аспаптардың жеңімпаздары анықталды
4-5 сәуір аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ-де Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасындағы ХІV Республикалық пәндік Олимпиада аясында «6B02102-Аспаптық орындаушылық» бағыты бойынша өткен сайыс өз мәресіне жетті.
Аталған бағытқа кіретін Ішекті аспаптар аталымы бойынша өткен бәсекеге 2 ЖОО-дан 22 үміткер қатысты. Олардың ішінде 8 студент ел астанасындағы Қазақ ұлттық өнер университетінен келсе, 14 студент Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясынан суырылып шықты.
Олимпиада қорытындылары бойынша жоғары рейтинг жинаған және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Дипломдарымен марапатталуға ұсынылған студенттер:
1 орын (I дәрежелі Диплом):
Айлин Ақынер – Құрманғазы ат. ҚҰК студенті,
профессор Г. Қ. Мырзабекова сыныбы (скрипка).
2 орын (II дәрежелі Диплом):
1. Шерәлі Мұханбетқали – Құрманғазы ат. ҚҰК студенті,
доцент А.А. Жолмұхамедова сыныбы (виолончель).
2. Жанел Саламатова – Құрманғазы ат. ҚҰК студенті,
доцент А.А. Жолмұхамедова сыныбы (виолончель).
3 место (Диплом ІІІ степени):
1. Мәншук Қазиева – Құрманғазы ат. ҚҰК студенті,
профессор Г. Қ. Мырзабекова сыныбы (скрипка).
2. Әділет Тұраров – студент Қаз. ҰӨУ, Нұр-Сұлтан қ.,
профессор Р.К. Мұсаходжаева (скрипка).
3. Аружан Әбілсейіт – Құрманғазы ат. ҚҰК студенті,
доцент Н.Е. Сағымбаев сыныбы (альт).
Сайысқа төрелік еткен Бақылау комиссиясына Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ішекті аспаптар кафедрасының меңгерушісі Гаухар Құрманбекқызы Мырзабекова төрағалық етті. Үміткерлердің өнерлерін сарапқа салып, лайықты бағасын беруге атсалысқан Комиссияның мүшелері қатарында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы ат. ҚҰК профессоры Нұрлан Салауатұлы Жарасов, Білім беру саласының үздігі, PһD докторы, Құрманғазы ат. ҚҰК Ішекті аспаптар кафедрасының доценті Диана Ерболатқызы Махмұд және ҚР Білім беру саласының Құрметті қызметкері, Құрманғазы ат. ҚҰК Ішекті аспаптар кафедрасының доценті Айжан Абылайханқызы Жолмұхамедова болды.