Ішкі сапа жүйесін жетілдіру жөніндегі сараптама тобының жұмысы
2023 жылдың 27 қыркүйегі мен 29 қыркүйегі аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында құжат айналымын сәйкестендіруге, есептік құжаттаманы дайындау кезінде уақыт шығындарын азайтуға және құрылымдық бөлімшелер арасында тиімді өзара іс-қимылды орнатуға бағытталған сараптамалық топ жұмыс істеді. Бұл шара білім беру бағдарламалары басшыларының сұранысы бойынша қабылданды. Ректордың м. у. а. бұйрығымен арнайы құрылған сараптама тобына проректорлар, сапа менеджменті секторының, оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру қызметінің, оқу-әдістемелік бөлімінің, персоналмен жұмыс жасау бөлімінің, ғылым бөлімінің, біліктілікті жоғарлату және қосымша білім беру бөлімінің басшылары және бітіруші кафедралардың басшылығы кірді.
Отырыс қорытындысы бойынша әкімшілік жұмыстың сапасы мен өнімділігін арттыру үшін істер номенклатурасына, стратегиялық көрсеткіштерді жоспарлау мен орындауға қатысты маңызды шешімдер қабылдады. Қызметкерлердің жұмысқа тартылуы құрылымдық бөлімшелердің әртүрлі өкілдерінің тілектері мен ұсыныстарын ескеру мүмкіндігіне ықпал етті. Қорытынды бұрыштамасында атап өтілгендей, экологиялық тазалықты дамыту және баспа құжаттарын қысқарту үшін құрылымдық бөлімшелердің стратегиялық жоспарлары мен есептері Ақпараттық-техникалық сектордың қолдауымен Сапа менеджменті секторы қалыптастыратын сақтау қоймасында сақталатын болады; сапа менеджменті секторын жалпы әкімшілендіру кезінде бір жетекшілік ететін құрылым Стратегиялық жоспардың орындалу көрсеткіштерін сұрайтын болады.