Menu HELPDESK

К.Есдәулетоваға «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табыс етілді

К.Есдәулетоваға «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табыс етілді 2024 жылғы 6 маусымда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ректорының міндетін уақытша атқарушы Нұркен Нұрғалиұлы Әшіров Дирижерлеу кафедрасының аға оқытушысы Кәмила Әбдуәлиқызы Есдәулетоваға «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі мен оның куәлігін табыс етті.

Биылғы 21 мамырда Мәдениет саласының қызметкерлері күніне орай марапатталған К.Есдәулетова шетелде «Болашақ» бағдарламасы бойынша «500 ғалым» атты тағылымдамадан өтуіне байланысты төсбелгіге енді ие болып отыр. Үстіміздегі жылдың 4 наурызы мен 31 мамыры арасында Италияның Флоренция қаласында біліктілігін арттырып келген әріптесімізді құттықтай отырып, алдағы уақытта да жемісті еңбек етіп, жетістіктерге жете береді деп сенеміз!
Альбомдарға оралу