Menu HELPDESK

«КҮЛӘШ БАЙСЕЙІТОВА - ҚАЗАҚТЫҢ БҰЛБҰЛЫ» виртуалды кітап көрмесі


Құрметті оқырмандар!

     Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметі Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген артисі, КСРО Халық артисі, опера әншісі, драмалық актриса Күләш Байсейітованың 110 жылдығына арналған «КҮЛӘШ БАЙСЕЙІТОВА -  ҚАЗАҚТЫҢ БҰЛБҰЛЫ» атты виртуалды кітап көрмесін дайындады.

     Күләш Байсейітованың есімімен «тұңғыш» деген эпитет қатарласа жүретінін көп байқаймыз. Расында, ол алғашқылардың бірі болып, 1936 жылы КСРО-да жаңадан қабылданған Халық артисі атағын небәрі 24 жасында иеленген дарын иесі.

    Күләш Байсейітованың таланты сан қырлы еді. Ол музыкалы-драмалық қойылымдардың тамаша орындаушысы, қазақтың тұңғыш кәсіби опералық және республиканың тұңғыш концерттік әншісі болды. Күләш бас партияларды сомдап орындаушы ғана емес, әсіресе қойылымдағы ұлттық кейіпкерлерді жасаушы да бола білді. Сондықтан да оның шығармашылығының негізгі бағыты опера өнері болып қалды. Күләш Байсейітова сомдаған Қыз Жібек, Хадиша, Ақжүніс, Ажар, Сара бейнелері халық жадында өшпес із қалдырды.  

    Қазақ опера сахнасында алғаш рет Баттерфляй «(«Чио-Чио-сан» Дж. Пуччини), Татьяна («Евгений Онегин» П.И.Чайковский), Тамара («Демон» А.Т. Рубинштейн), Маро («Даиси» З.П. Палиашвили) және Алтыншаш («Алтыншаш» Н.Г. Жиганов) классикалық опералардан партия сомдаған Байсейітова еді.

         Виртуалды кітап көрмесінде теңдессіз опера әншісі Күләш Байсейітованың өмірі мен шығармашылығы туралы Ғ.З. Бегембетованың «Куляш Байсеитова», М. Амангелдінің «Күләш», Н. Нагулиннің «Біздің Куләш» және басқа да көптеген еңбектер ұсынылды.

         Аталған көрмемен танысу үшін ҒАКҚ-нің Электрондық кітапханасына кіріп, «Басты мәзірде» «Виртуалды көрмеге» кіріңіз немесе мына сілтемеге өтіңіз:

http://185.217.181.84:8087/JIrbis2/index.php?option=com_irbis&view=irbis&Itemid=385

Альбомдарға оралу