«Күміс білім беру»
Мәдениет – тәжірибе жинақтаудың ең күрделі жүйесі, ол өскелең ұрпақ үшін дамудың «бастапқы көзі» ретінде бірегей бағдарлар, стратегиялар мен жоғары сападағы үлгілер кешені ретінде әрекет етеді. Қоғамымыздың бүгіні мен болашағы оның қаншалықты кең және көп өлшемді болатындығына байланысты.
Саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени тұрақсыздықтың қиын жағдайларында бұл мәселе аса маңызды болып табылады, себебі ол қоғамдағы психологиялық өзгерістердің ерекшеліктерін, оның даму талаптарын ұғына отырып, жаңа қалыптасқан жағдайда жаңа міндеттерді шешуді талап етеді.
Қоғамдық бағыттың жаңа талаптарының бірі – «Күміс білім беру».
Жалпы «Күміс білім беру» дегеніміз – өмір бойы білім алу мүмкіндігі, арнайы ұйымдастырылған түрлі шығармашылық қызмет түрлері жағдайында тұлғаның үнемі жан-жақты үйлесімді дамуы.
«Күміс білім беру» бағытында жұмыс жасайтын оқу орындарының стратегиялық мақсаты – білім беру үдерісіне оқытудың жаңа әдістерін енгізу, білім, білік және дағдыларды меңгеру деңгейін анықтау, психологиялық диагностикалау, шығармашылық қабілетті барынша ашуға жағдай жасау арқылы білім беру үдерісін ересек адамның жеке ерекшеліктеріне бейімдеу.