К. Молдобасанов атындағы Қырғыз ұлттық консерваториясының оқытушысы Александр Кудрявцевтың қатысуымен бірқатар іс-шара өтті
27 ақпан 2025
Алғашқы күні музыкант классикалық фортепианолық өнерді бағалайтын көрермендерге концертін ұсынды. Онда В. А. Моцарт, Ф. Шопен, А. Скрябин, Ф. Лист және Р. Вагнердің шығармаларын шеберлікпен орындап шықты.
Келесі күні қырғызстандық қонақ «Арнайы фортепиано» кафедрасының студенттеріне арнап шеберлік сағатын өткізді. Болашақ мамандармен кездесу барысында өз тәжірибесімен, құнды кеңестерімен бөлісіп, фортепианалық репертуарды интерпретациялаудың қыр-сырын түсіндірді.
Білім беру үдерісіне атсалысқан, студенттерімізге шабыт сыйлаған Александр Кудрявцевқа алғысымыз шексіз!


Қабылдау 2024