Menu HELPDESK

Кәсіби бағдарлау жұмыстары аясында шеберлік сыныптары өткізілді


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушылары Қазақстан Республикасының музыкалық колледждері мен мектептерінде білім алушы балалармен кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізді:

«Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» (Павлодар қ.) кешені – 12 мамыр, 2022 ж.;

М. Төлебаев атындағы музыкалық училище (Семей қ.) – 13 мамыр, 2022 ж.;

«Халық артистері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» ҚМКМ (Өскемен қ.) – 14 мамыр, 2022 ж.;

«Өнер колледжі – Ермек Серкебаев атындағы өнердегі дарынды балаларға арналған арнайы мектебі» кешені» КММ (Петропавл қ.) – 12 мамыр, 2022 ж.;

«Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» ҚМКМ (Қарағанды қ.) – 13 мамыр, 2022 ж.;

Арнайы музыкалық мектеп-интернат (Қарағанды қ.) – 14 мамыр, 2022 ж.

Оқытушылар тарапынан 2022 жылғы қабылдау комиссиясының жұмыс тобының жоспары бойынша, шеберлік сыныптары, кеңес берушілік пен концерт өткізілді. Шараға қатысқандар:

1.     Азамат Қапуханұлы Иманбаев – үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының оқытушысы, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы;

2.     Айжан Сләмқызы Бекенова –PhD докторы, ішекті аспаптар кафкедрасының доценті;

3.     Айгерім Маратқызы Оспанова – PhD докторы, арт-менеджмент кафедрасының оқытушысы;

4.     Дүйсембаева Рабиға Сыдыққызы – фортепиано кафедрасының аға оқытушысы;

5.     Гавриленко Ирина Анатольевна – фортепиано кафедрасының аға оқытушысы;

6.     Ай-керім Мұратханқызы Гадеева – ішекті аспаптар кафедрасының оқытушысы;

7.     Айман Жұмабайқызы Сағимбаева – үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының оқытушысы.











 

Альбомдарға оралу