К. Әзірбайұлының 140 жылдығына арналған «Алатаудың ақиығы» атты ән-күй кеші өтті
2024 жылдың 1 сәуірінде Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында «Халық музыкасы» факультеті «Халық әні» кафедрасының ұйымдастыруымен әнші-ақын, халық композиторы Кенен Әзірбайұлының 140 жылдығына арналған «Алатаудың ақиығы» атты ән-күй кеші болып өтті.
Концертке Қазақстанның Халық артисі Р.Стамғазы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Н.Әшіров, С.Жанпейісова, Е.Үсенбаев, Е.Шүкіман, А.Қосанова, А.Исатаева, А.Балажанова, ҚР Мәдениет саласының үздіктері А.Күзеубай, Т.Құрманғалиев, Ш.Даржанова, Б.Мұсаев және Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Н.Түменбаев, Б.Бәбіжан, Қ.Бектұрсын, Р.Әбілбаев қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ, «Халық әні» кафедрасының магистрант, студенттері С.Бақтыбай, А.Бауыржанқызы, О.Айдынбек. Б.Ғаппар, З.Игібай, студенттік фольклорлы-этнографиялық оркестрімен қатар, аталмыш кешке арнайы қонақ ретінде шақырылған Іле ауданының Халықтық әжелер ансамблі өнер көрсетіп, көрермен қошеметіне бөленді.