Menu HELPDESK

«Халық әні» аталымы бойынша

2025 жылдың 9 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ХVІI Республикалық студенттік пәндік үлкен Олимпиадасы аясында «Халық музыкасы» факультетінің ұйымдастыруымен өтіп, «Халық әні» аталымы бойынша конкурс өтті. Олимпиадаға Құрманғазы атындағы ҚҰК «Халық әні» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанпеисова Сауле Стаханшыловна, «Халық әні» кафедрасының аға оқытушысы, ҚР мәдениет саласының үздігі Курмангалиев Тілеулес Куралбаевич, «Халық әні» кафедрасының доценті, PhD доктор Күзеубай Амангелді Ұзақбайұлы , «Халық әні» кафедрасының аға оқытушысы, ҚР мәдениет саласының үздігі Карабалина Эльза Женисовна, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «Музыка» кафедрасының аға оқытушысы Шанбаев Есбол Жарылкасынович төрелік етті.

Алматы қаласы бойынша Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясынан Әбдіманап Айдын 3 курс, Жасұлан Әліби 3 курс , Мырзагелді Гүлжан Сапаржанқызы 4 курс, Сағындық Аружан Айтманқызы 3 курс қатысып, Құрманғазы атындағы ҚҰК нан Амантай Аұнұр, Амангелдиева Перизат,             Әбилхасимова Ұлжан, Әбітова Назлы, Әптербек Маржан, Базарғалиева Айнаш, Жкесенқызы Фариза, Кабикенова Камшат, Тарғынова Жайна, Таңбай Сая қатысып, 14 студент бақ сынады. Ер,алиева Дильназ денсаулығына байланысты қатыса алмады.

«Халық әні» аталымы бойынша І орынға Қүрманғазы атындағы ҚҰК ның 3 курс студенті Тарғынова Жайна ;

ІІ-орынға Құрманғазы атындағы ҚҰК ның 3 курс студенттері Кабикенова Камшат, Әбилхасимова Ұлжан;

ІІІ орынға Құрманғазы атындағы ҚҰК ның 3 курс студенті Амангельдиева Перизат, Т.Жүргенов атындағы Қазақ академиялық өнер академиясының 3 курс студенті Әбдіманап Айдын және 4курс студенті Мырзагелді Гүлжан, ХVІI Республикалық студенттік пәндік үлкен Олимпиадасының лауреаттары атанды.

 

 

Альбомдарға оралу