Халықаралық байқаулардың лауреаттарын құттықтау
31 қазан 2024
30 қазанда «Астана Балет» театрында салтанатты жиын өтті. Онда ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева беделді халықаралық байқаулардың лауреаттарын құттықтады
Министрдің құттықтауына ие болғандардың арасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 2-курс студенті, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты Нұртас Қалтаев (профессор Ахметов К.М. сыныбы) болғанын мақтанышпен жеткіземіз. Биыл Нұртас Бакуде өткен Фикрат Амиров атындағы үрмелі және ұрмалы аспаптар орындаушыларының халықаралық конкурсында гран-при жеңіп алды!
Кеш барысында жас дарындарды қолдау және олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды мемлекеттік жобалар талқыланды. Кездесу соңында министр халықаралық сахнада көрсеткен өнерлерін жоғары бағалап, жеңімпаздарға, олардың ата-аналары мен ұстаздарына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.
Біз Нұртасты мақтан тұтамыз! Ол көптеген студенттерімізге жарқын үлгі. Біздің дарындарды оқытуға күн сайын өз тәжірибесі мен шеберлігін арнап жүрген барлық профессорлар мен оқытушыларға алғыс айтамыз!
Альбомдарға оралу

Қабылдау 2024